О внесении изменений и дополнений в постановление Акимата города Алматы № 1/136 от 5 марта 2003 года "О мерах по реализации трехстороннего Соглашения между Акимом города Алматы, Алматинским Союзом профсоюзов и городским Союзом промышленников и работодателей на 2003-2004 годы" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2003 жылғы 5 наурыздағы № 1/136 "Алматы қаласы Әкiмiнiң, Алматы кәсiподақтар Одағы және қалалық өнеркәсiпшiлер мен жұмыс берушiлер Одағы арасындағы 2003-2004 жылдарға арналған үш жақты Келiсiмiн жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 129-II "Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестiк туралы" Заңына сәйкес және Алматы қаласы Әкiмiнiң, Алматы кәсiподақтар Одағы және қалалық өнеркәсiпшiлер мен жұмыс берушiлер Одағының арасындағы 2003-2004 жылдарға арналған үш жақты Аймақтық (Қалалық) Келiсiмiн жүзеге асыру мақсатында, Алматы қаласының Әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2003 жылғы 5 наурыздағы № 1/136 "Алматы қаласы Әкiмiнiң, Алматы кәсiподақтар Одағы және қалалық өнеркәсiпшiлер мен жұмыс берушiлер Одағы арасындағы 2003-2004 жылдарға арналған үш жақты Келiсiмiн жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қаулының 3 және 4 тармақтарына өзгерiстер енгiзсiн, Алматы қаласы Әдiлет департаментiнде 2003 жылы 14 наурызда № 517 тiркелген, "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерiнде 2003 жылғы 19 наурызда жарияланған. Қаулының 3 тармағы мына редакцияда берiлсiн: "Аудан әкiмдерi, басқармалар, комитеттер, департаменттер басшылары тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментiне (А.Ж. Нұрланов) Келiсiмдi орындау жөнiндегi мәлiметтердi берсiн". Қаулының 4 тармағы мына редакцияда берiлсiн: "Алматы қаласы Әкiмi аппаратының денсаулық сақтау және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмi (А.И. Ким) Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi (А.Ж. Нұрланов) Алматы кәсiподақтар Одағы (М.М. Молдахмет), қалалық өнеркәсiпшiлер мен жұмыс берушiлер Одағы (А.И. Долотин) бiрлесiп:", бұдан әрi мәтiн бойынша.
Тармақ 2
2. Келiсiмнiң қызмет мерзiмi 1 жылға ұзартылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ. Бүкеновке жүктелсiн.