О внесении дополнений в решение Мартукского районного маслихата № 114 от 28.12.2001 года «Об утверждении стоимости разовых талонов» (регистр. № 1396 от 15 января 2002 года) Қолданыста
Басқа 0
Мәртөк аудандық мәслихатының 28.12.2001 жылғы № 114 «Біржолғы талондардың құнын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы (тіркеу № 1396, 2002 жылғы 15 қаңтар)
Қазақстан Республикасының 23.01.2001 ж. № 148 -II «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12.06. № 210 -II (өзгерістермен және толықтырулармен бірге ) Кодексін 373 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Мәртөк аудандық мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясында қабылданған 28.12.2001 жыл № 114 «Біржолғы талондардың құнын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. ҚР ҚМ СК-мен бекітілген тізбеге сәйкес қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талон құны мынадай болып белгіленсін:
Тармақша 1
1) жануарлар мен құстарға арналған жем-шөп сату - бір күн сауда істеген үшін 200 теңге;
Тармақша 2
2) сыпырғыштар сату - бір күн сауда істеген үшін 50 теңге;
Тармақша 3
3) бал сату - бір күн сауда істеген үшін 200 теңге;
Тармақша 4
4) балық сату - бір күн сауда істеген үшін 100 теңге;