О внесении изменений и дополнений в решение Акима города Алматы № 1143 от 29 ноября 1999 года "Об утверждении ставок платежей за загрязнение окружающей среды по городу Алматы на 2000 год" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылғы 29 желтоқсандағы "Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдердiң 2000 жылға арналған ставкаларын бекiту туралы" N 1143 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 31.12.2003 N 5/778 қаулысымен. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi "Айрықша қорғалатын табиғи аумақтар туралы" N 162-1 ҚРЗ Заңы, Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылғы 1 қазандағы "Медеу" табиғи паркiн ұйымдастыру мәселелерi туралы" N 906 және 1999 жылғы 29 желтоқсандағы " Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдердiң 2000 жылға арналған ставкаларын бекiту туралы" N 1143 шешiмдерi негiзiнде, автокөлiк қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында қала әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қала әкiмiнiң 1999 жылғы 29 қарашадағы "Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдердiң 2000 жылға арналған ставкаларын бекiту туралы" N 1143 шешiмiне келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн. N 1 қосымшадағы 5 тармақ келесi редакцияда берiлсiн: N Көрсеткiштер Өлшем бiрлiгi Төлемдердiң ставкалары 5 Айрықша қорғалатын табиғи аймаққа (АҚТА) кiргенi үшiн: жеңiл автомобиль теңге/машина 150 жүк автокөлiгi және автобустар теңге/машина 400 проксимити-карталар алатын автокөлiк иелерi теңге/машина көп рет өткенi үшiн 10% жеңiлдiк (кемiнде 10 рет) АҚТА аймағында тұратын немесе саяжай учаскелерi бар автокөлiк иелерi теңге/орам 200 АҚТА аумағында жұмыс iстейтiн автокөлiк иелерi теңге/орам 500 АҚТА аумағындағы ұйымдардың автокөлiктерi теңге/орам машина 1000 Арнаулы автокөлiктер және дипломатиялық корпустың автокөлiктерi теңге/машина АҚҚОҚБ беретiн рұқсатнамалар бойынша тегiн ҰОС мүгедектерiнiң, қатысушыларының, еңбек ардагерлерiнiң, зейнеткерлердiң автокөлiктерi теңге/машина Құжаттарын көрсетсе, тегiн