О внесении изменений и дополнений в Решение Акима г.Алматы № 1167 от 24.11.98 г. Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы Әкімінің 24.11.98 ж. N 1167 шешiмiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 07.03.2006 N 33 шешімімен. Алматы қаласының әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ : Алматы қаласы әкімінің 24.11.98 ж. N 1167 "Алматы қаласы аумағында шағын кәсiпкерлiк объектiлерi үшiн пәтерлердi, тұрғын үйлердiң астыңғы бөлiгiн және бiрiктiрiлiп салынған жайларды қайта жаңғырту (қайта жоспарлау) тәртiбi туралы" шешiмiне келесi өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. 2.2 т. "үй-жайды қайта жаңғырту (қайта жоспарлау) жобасы" сөзiнен кейiн: "(бар болғанда)" сөзiмен толықтырылсын:
Тармақ 2
2. 2.5 т. келесi редакцияда баяндалсын: Үй-жайды қайта жаңғырту (қайта жоспарлау) жобасын әзiрлеу үшiн өтiнiш берушiлер архитектура және қалақұрылысы Департаментiнде архитектура-жоспарлау тапсырмасын алуы керек (АЖТ). Үй-жайды қайта жаңғырту (қайта жоспарлау) жобасы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген тәртiпте өкiлеттi органдармен келiсiлуi қажет.
Тармақ 3
3. 2.6 т. алып тасталсын.