О внесении изменения в приказ Председателя Верховного Суда Республики Казахстан № 12 от 26 марта 2020 года «Об утверждении Правил приема на обучение в Академию правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабының 11) тармақшасына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-2-бабының 5) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабынының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 12 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20197 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылдың 3 ақпанында жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларының 6-қосымшасы осы бұйрыққа Қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Басқа 0. Бағалаудың 100 балдық шкала бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі*
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 4 мамыры № 14 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау Қағидаларына 6-қосымша Бағалаудың 100 балдық шкала бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі* Бағалаудың 100 балдық шкала бойынша балдар Бағалаудың 5 балдық шкала бойынша балдар 90 –100 Өте жақсы (5) 75 – 89 Жақсы (4) 60 –74 Қанағаттанарлық (3) 0 – 59 Қанағаттанарлықсыз (2) * Шет тілі бойынша 0-ден 29-ға дейін балл «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға сәйкес