«О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата № 1/25 от 12 декабря 2005 года «О районном бюджете на 2006 год» Қолданыста
Басқа 0
«2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1/25 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-П Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңына, Жамбыл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 1 маусымдағы «2006 жылға арналған аудандық бюджеттің нақтылануы туралы» № 126 қаулысына сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШТІ:
«2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1/25 шешіміне (2005 жылғы желтоқсандағы тipкey нөмipi 13-7-22, 2006 жылғы 27 қаңтардағы № 6 аудандық «Ауыл арайы» газеті 2006 жылғы 24 қаңтардағы «Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 12 желтоқсандағы «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 1/25 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №1/26, 2006 жылғы 11 сәуірдегі «Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 12 желтоқсандағы «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» 1/25 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №4/29 аудандық мәслихат сессиясының шешімдерімен нақтыланулары ескеріле отырып), келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 1
1 . Нұсқалған шешімнің № 1 қосымшасы жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат сессиясының шешімі ресми жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Жамбыл ауданының 2006 жылғы бюджеті
Аудандық мәслихат сессиясының
2006 жылғы 7 маусымдағы № 3/30 шешіміне
№ 1 қосымша
Жамбыл ауданының 2006 жылғы бюджеті