Об установлении зон санитарной охраны хозяйственно-питьевого водозабора подземных вод на участке скважины № 128 на территории Тогузакского элеватора в селе Тогузак Карабалыкского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарабалық ауданының Тоғызақ ауылында Тоғызақ элеваторының аумағындағы № 128 ұңғыма учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қарабалық ауданының Тоғызақ ауылында Тоғызақ элеваторының аумағындағы № 128 ұңғыма учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры _______________ Б. Кенжебаев "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы _______________ Г. Оспанбекова
Басқа 3. Қарабалық ауданының Тоғызақ ауылында Тоғызақ элеваторының аумағындағы № 128 ұңғыма учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 28 қаулысына қосымша Қарабалық ауданының Тоғызақ ауылында Тоғызақ элеваторының аумағындағы № 128 ұңғыма учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері І-белдеу ІІ-белдеу ІІІ-белдеу Шекарасы Ауданы Шекарасы Ауданы Шекарасы Ауданы № 128 ұңғыма Радиусі - әр ұңғыманың айналасында 50 метр 0,785 гектар Радиусі- әр ұңғыманың айналасында 136,5 метр 5,85 гектар Радиусі - әр ұңғыманың айналасында 965 метр 292,4 гектар Ескерту: "Қостанай облысының Қарабалық ауданы Тоғызақ элеваторының аумағындағы Тоғызақ ауылында № 128 ұңғыма учаскесінде жер асты сулары ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары І, ІІ, ІІІ белдеулерінің санитарлық-гидрологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Тоғызақ элеваторы" акционерлік қоғамы).