О внесении изменений и дополнений в решение № 13 ХХХIII сессии от 7 июня 2006 года Карагандинского городского маслихата ІІІ созыва "Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам города Караганды жилищных пособий на содержание жилья, оплату коммунальных услуг, компенсацию повышения тарифов абонентской платы за телефон абонентам городских сетей телекоммуникаций" Қолданыста
Басқа 0
ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы ХХХІІІ сессиясының "Қарағанды қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасын бекіту туралы" N 13 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2 тармағына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы ХХХІІІ сессиясының "Қарағанды қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасын бекіту туралы" N 13 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген N 8-1-35, 2006 жылғы 2 тамыздағы N 30 (146) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1 тарау 2 тармақтағы "15 пайыз" сөздері "10 пайыз" сөздерімен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 2 тарау 5 тармақ 1) тармақшадағы "орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету болған жағдайда - айына 8 килограмм; орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету болған жағдайда - айына 10 килограмм;" сөздері "орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етудің болуы немесе болмауына тәуелсіз, нақты шығындар бойынша, бірақ айына 8 килограммнан артық емес;" сөздерімен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) 3 тарау 12 тармақта "зейнеткерлерге" сөзінен кейін "және мүгедектерге" сөздерімен толықтырылсын;
Тармақша 4
4) 3 тарау 14 тармақта "сомаға азайту болып табылады." сөздерінен кейін келесі мазмұндағы "Тұрғын үй сомасын коммуналдық қызметпен жабдықтаушының есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынды тарату, қайта құру, банктік реквизиттердің өзгеруі және тағы басқалар), ол өтініш беруші қызметін қолданатын басқа жабдықтаушылардың арасында үлестіріледі." абзацымен толықтырылсын;
Тармақша 5
5) 8 тарау 31 тармақта "көмектен" сөзінде "тен" жалғауы "," тыныс белгісімен ауыстырылсын;
"өз ісін ашу үшін берілетін материалдық көмектен" сөздерінен кейін "негізгі азық-түлік бағаларының көтерілуіне байланысты, Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыдан" сөздерімен толықтырылсын;
Тармақша 6
6) 8 тарау 33 тармақтағы 13) тармақшасы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (Аймағамбетов Асхат Қанатұлы).
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 қазанынан пайда болған қатынастарға таратылады.