О внесении изменений в решение Аркалыкского городского маслихата № 130 от 29 мая 2002 года «Об утверждении Правил о порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям и одиноко проживающим гражданам» номер государственной регистрации 1626 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арқалық қалалық мәслихатының 2002 жылғы 29 мамырдағы № 130 «Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларға және жалғыз тұратын азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережесін бекітү туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1626 Қазақстан Республикасындағы 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-1 «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының негізінде Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Арқалық қалалық мәслихатының 2002 жылғы 29 мамырдағы № 130 «Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларға және жалғыз тұратын азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1626, «Торғай» газеті, 2002 жылғы 20 қыркүйектегі 38 нөмірінде жарияланған, бұрын: Арқалық қалалық мәслихатының 2003 жылғы 27 наурыздағы № 178 «Арқалық қалалық мәслихатының 2002 жылғы 29 мамырдағы № 130 «Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларға және жалғыз тұратын азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мемлекеттік тіркеу нөмірі 2180, «Торғай» газетінің 2003 жылғы 30 мамырдағы 21 нөмірінде жарияланған, Арқалық қалалық мәслихатының 2003 жылғы 17 қыркүйектегі № 202 «Арқалық қалалық мәслихатының 2002 жылғы 29 мамырдағы № 130 «Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларға және жалғыз тұратын азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2530, «Торғай» газетінің 2003 жылғы 23 қазандағы 43 нөмірінде жарияланған) өзгертулер енгізілсін: аталған шешімнің 2-тармағындағы «жиырма пайыз» сөздерін «2003 жылдың 1 қазанынан бастап жиырма бес пайыз» деген сөздерімен алмастырылсын.
Тармақ 2
2. Арқалық қалалық мәслихатының 2003 жылғы 27 наурыздағы № 178 «Арқалық қалалық мәслихатының 2002 жылғы 29 мамырдағы № 130 «Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларға және жалғыз тұратын азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мемлекеттік тіркеу нөмірі 2180 шешімінің күші жойылсын. Келісілді: «Арқалық қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығының міндетін атқарушы _____________ А. Жакеева