О внесении изменений в постановление акимата области № 131 от 20 марта 2002 г. "О реализации мероприятий по защите области от весеннего паводка 2002 года" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 20 наурыздағы N 131 "Облысты 2002 жылғы көктемгi су тасқынынан қорғау жөнiндегi шараларды iске асыру туралы" қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Бюджеттiк бағдарлама әкiмгерлерiнiң өзгеруiне байланысты және Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабын басшылыққа ала отырып, облыс әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 20 наурыздағы № 131 "Облысты 2002 жылғы көктемгi су тасқынынан қорғау жөнiндегi шараларды iске асыру туралы" қаулысының № 4-қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын (тiркеледi).
Тармақ 2
2. Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 20 наурыздағы 131 "Облысты 2002 жылғы су тасқынынан қорғау жөнiндегi шараларды iске асыру туралы" қаулысының 11-тармағы күшiн жойды деп есептелсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Ищановқа жүктелсiн.
Басқа 4
Облыс әкiмшiлігiнiң 2002 жылғы 23 сәуiрдегi № 152 қаулысына қосымша 2002 жылы су тасқынына қарсы шараларды өткiзуге қажеттi қаражат -------------------------------------------------------------------------- N                  Атауы                           Қаражат (млн. теңге) -------------------------------------------------------------------------- 1. Атырау қаласы (су тасқынына қарсы жұмыстарына)          25,0 2. Жылыой ауданы (су тасқынына қарсы жұмыстарына)           6,8 3. Махамбет ауданы (су тасқынына қарсы жұмыстарына)         5,4 4. Индер ауданы (су тасқынына қарсы жұмыстарына)            1,3 5. Коммуналдық меншiк, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментiне (су тасқыны кезiнде жолдармен үзiлiссiз көлiктердiң жүруiн, гидробекеттердiң үзiлiссiз жұмыс жасауын қамтамасыз етуге және су тасқыны болатын елдi-мекендердi тiкұшақпен айналып ұшып өтуге           13,98 Барлық қажеттi қаражат көлемi                           52,48