О внесении изменений и дополнений в решение акима Южно-Казахстанской области за № 132 от 7 апреля 2000 года Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкімінің 2000 жылғы 7 сәуірдегі № 132 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Облыс әкімінің 2000 жылғы 7 сәуірдегі "Ұйымдастыру техникасын мемлекеттік сатып алу жөнінде тендер өткізу туралы" № 132 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 1
1. Ұйымдастыру техникасын мемлекеттік сатып алу жөніндегі облыстық конкурстық комиссияның құрамынан: В.Д. Пляцук, Г.С. Сақтағанова, М.С. Пернебекова, Р. Жексенбаева шығарылсын.
Тармақ 2
2. Ұйымдастыру техникасын мемлекеттік сатып алу жөніндегі облыстық конкурстық комиссияның құрамына: облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Н. Громов - төраға, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚСжАО бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы А. Құрбанов (келісімі бойынша), облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімінің бас маманы - заң кеңесшісі Н.Т. Әмзеев, облыстық инфрақұрылым және мемлекеттік сатып алу департаментінің бас маманы К. Қаржауов, облыс әкімі аппараты әкімшілік-техникалық қызметінің бас маманы С.Л. Сковородин - хатшы енгізілсін.