О внесении изменений и дополнений в решение акима области № 139 от 15 сентября 1998 года «О региональной комплексной программе развития государственного и других национальных языков в Западно-Казахстанской области на 1998-2000 годы» в соответствии с «Государственной программой функционирования и развития языков», утвержденной указом Президента Республики Казахстан № 4106 от 5 октября 1998 года Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 4106 Жарлығымен бекітіліген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес «Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік және басқа да ұлт тілдерін дамытудың 1998-2000 – жылдарға арналған аймақтық кешенді бағдарламасы» туралы облыс әкімінің 1998 жылғы 15 қыркүйектегі № 139 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен.
«Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 4106 Жарлығына сәйкес облыс әкімінің 1998 жылғы 15 қыркүйектегі № 139 шешімімен бекітілген атаулы бағдарламаға қоса беріліп отырған қосымшада көрсетілгеніндей өзгеріс пен толықтырулар енгізілетін болсын.
Басқа 1. «Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік және басқа да ұлт тілдерін дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған аймақтық кешенді бағдарламасы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар
Облыс әкімінің 1999 жылғы
10 наурыздағы № 43
шешіміне қосымша
«Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік және басқа да ұлт тілдерін дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған аймақтық кешенді бағдарламасы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар
№
п/п
Іс - шаралар
Орындау мерзімі
Орындаушылар
Бірінші тараудағы үшінші тармақшаның «қамтамасыз ету» деген сөзінен кейін сөйлем мынандай сөзбен толықтырылысын:
3.
... «Және іс жүргізуде жиі кездесетін мемлекеттік тілдегі іс-қағаздарының үлгілерін әзірлеу жұмысын жалғастыру».
тұрақты
Жоғарыда аталғандар
Нөмірі онүшінші тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен жалғастырылсын:
13.
«Сондай-ақ қазақ бөлімдерінің санын, орыс бөлімшелерінде қазақ тілін оқытуға арналған сағаттар санын көбейтуді қамтамасыз ету»
1999-2000 ж-ры
Жоғарыда аталғандар
Мынадай редакцияда қосамша 13 «а» тармақшасы енгізілсін
13а
«Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінде «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» арнайы курсын ашу: № 12 кәсіптік-техникалық мектепте «Іс жүргізуші», «Хатшы-референт» мамандықтары бойынша мемлекеттік тілде мамандар даярлауды қамтамасыз ету»
1999жылғы 3 тоқсан
Облыстық білім басқармасы, Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті
№ 14 тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын
14
«Орыс тілінде тәрбие беретін мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, орыс тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарының санын жалпы оқыту бағдарламасы шеңберінде көбейту, мемлекеттік тілді оқытудың компьютерлік бағдарламаларымен қамтамасыз ету»
1999-2000 жылғы оқу жылы
Облыстық білім, ақпарат және қоғамдық келісім басқармалары
Қосымша мынадай № 14 «а» тармақшасы енгізілсін:
14а
«Жалпы білім беретін қазақ мектептері мен орта арнаулы және жоғары оқу орындарының қазақ бөлімдерінде дене тәрбиесі мен әскери даярлық пәндерін мемлекеттік тілде оқытуды ұйымдастыру және оларды қажетті оқу бағдарламаларымен, оқулықтармен, оқу құралдармен, кадрлармен қамтамасыз ету».
1999-2000 жылдары
Облыстық білім басқармасы, Батыс Қазақстан гуманитарлық, аграрлық университеттері, Дәулеткерей атындағы өнер институты.
№ 19 тармақша мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
19.
«Жалпы білім беретін мектептер базасында оралмандарды қазіргі қазақша жазуға үйретуді ұйымдастыру»
тұрақты
Облыстық білім, көші-қон және демография басқармалары
Бағдарламаға мынадай редакцияда қосымша № 25 тармақша енгізілсін:
25
«Батыс Қазақстан облысында тілдердің қолданылуы мен дамуының 2001 - 2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын әзірлеу»
2000 жылғы 2 тоқсан
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы