О внесении изменений и дополнения в решение акима района № 14 от 25 декабря 2006 года «О проведении приписки граждан 1990 года рождения, проживающих в Енбекшильдерском районе, к призывному участку отдела по делам обороны Енбекшильдерского района» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы «Еңбекшілдер ауданында тұратын 1990 жылы туған азаматтарды Еңбекшілдер аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы» № 14 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» № 74 Заңының 3-тарауының 17-бабына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 24 ақпандағы «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуге дайындау және өткізу жөніндегі Нұсқаулықты қолданысқа енгізу туралы» № 60 Бұйрығының 21-тармақшасына сәйкес, 1990 жылы туған және бұрын тіркелмеген , жасы одан үлкен азаматтарды тіркеуден өткізу мақсатында Еңбекшілдер ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы 25 желтоқсандағы «Еңбекшілдер ауданында тұратын 1990 жылы туған азаматтарды Еңбекшілдер ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы » шешімге (әділет басқармасында 2007 жылдың 8 қаңтарында 1-10-49 нөмірімен тіркеліп, аудандық «Жаңа дәуір» - «Сельская новь» газетінің 2007 жылғы 20 қаңтардағы санында жарияланған) келесідей өзгертулер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 2-тармақта «15 қаңтардан 31 наурызға дейін» деген мерзім «қаңтар - наурыз айларында » деген сөздермен алмастырылсын;
Тармақша 2
2) 4-тармақта «құрылсын» сөзі «бекітілсін» деген сөзбен алмастырылсын;
Тармақша 3
3) жоғарыда аталған шешімнің 6 және 8-тармақтары алынып тасталсын;
Тармақша 4
4) тармақ «әскери комиссар азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу аяқталған соң 10 күн мерзім ішінде Еңбекшілдер ауданының әкімін тіркеуді өткізу нәтижесі туралы хабардар етуге міндетті » деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 5
5) «Еңбекшілдер ауданы әкімінің осы шешімінің күші 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады» деген тармақпен толықтырылсын;
Тармақша 6
6) «Мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы Қ.Қ.Болатов комиссия құрамынан шығарылсын, комиссия құрамына мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы Қ.Қ.Ақышев енгізілсін» деген тармақпен толықтырылсын;
Тармақша 7
7) аудан әкімінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы «Еңбекшілдер ауданында тұратын 1990 жылы туған азаматтарды Еңбекшілдер ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы» №14 шешімінің (2007 жылдың 8 қаңтарында әділет басқармасында 1-10-49 нөмірімен тіркелген) №1 қосымшасы осы шешімнің №1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.С.Омаровқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Еңбекшілдер аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінде ресми түрде жарық көрген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 11. Аудандық тіркеу комиссиясының ҚҰРАМЫ
Еңбекшілдер ауданы әкімнің 2007 жылғы «2» 05 № 9 шешіміне 1-қосымша Аудандық тіркеу комиссиясының ҚҰРАМЫ Балғожинов Серік Кеңесұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, тіркеу комиссиясының төрағасы Ақышев Қанат Қажыбайұлы - аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы, тіркеу комиссиясы төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Баржақсымов Ерлік Қадірбекұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша) Дүйсенбаев Қанат Қайроллаұлы - аудандық орталық аурухана хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Шаманаева Елена Ивановна - медбике психиатр, тіркеу комиссиясының хатшысы