О внесении изменений в постановление акимата г.Алматы № 1/43 от 02.07.2001 г. "Об утверждении нормы накопления твердых бытовых отходов на одного человека" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.01.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2001 жылғы 2 шiлдедегi "Бiр адамға шаққанда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтаудың нормаларын бекiту туралы" N 1/43 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Әділет басқармасының НҚА мемлекеттік тіркеудің күшін жоюы туралы 15.09.2002 қорытынды. Алматы қаласының Әкiмшiлiгi қаулы етті: Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2001 жылғы 2 шiлдедегi "Бiр адамға шаққанда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтаудың нормаларын бекiту туралы" N 1/43 қаулысына келесi өзгерiс енгiзiлсiн: - кiрiспесi мынадай редакцияда берiлсiн: "Жылына бiр адамға шаққанда нақты тұрмыстық қалдықтарды жинақтауды анықтайтын жұмыс тобының материалдарын қарап, Қазақстан Республикасының СНжЕ-нiң "Жеке тұрғын үйлердi салатын аудандарды жобалау және салу" (Б.2.2-1-96), СНжЕ-нiң "Қала құрылысы. Қалалық және селолық елдi мекендердi жобалау және салу" (2.07.01.-89-*) құжаттарын басшылыққа алып, Алматы қаласының Әкiмшiлiгi".