О внесении изменений в Приказ Таможенного комитета № 145-П и отмене Приказа № 152-П Күшін жойған
Басқа 0
Кеден комитетiнiң N 145-П бұйрығына өзгерiстер енгiзу мен N 152-П бұйрығының күшiн жою туралы
Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2000.03.18. N 93 бұйрығымен
Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң нормативтi актiлерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының 170-бабына сәйкес келтiру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 16 қазандағы N 145-П бұйрығымен бекiтiлген "Уақытша сақтау туралы (уақытша сақтау қоймалары туралы)" ережесiнiң 6.4-тармағының күшi жойылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң "Уақытша сақтау туралы ереженi бекiту туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы N 145-П бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы" 1996 жылғы 30 шiлдедегi N 152-П бұйрығының күшi жойылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының "Уақытша сақтау" 25-тарауымен анықталған уақытша сақтау тәртiбi басшылыққа алынсын.
Тармақ 4
4. Облыстық Кеден басқармаларының бастықтары, кедендердiң бастықтары кеден органдары құратын уақытша сақтау қоймаларын ұйымдастыру мүмкiндiгiн қарастырсын және 1996 жылғы 10 қарашаға дейiн баяндап хабарласын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төрағаның Бiрiншi орынбасарына жүктелсiн.