О внесении изменения в решение Енбекшильдерского районного маслихата № С-14/6 от 14.02.2005 года «Об утверждении ставки акциза на игровые автоматы с денежным выигрышем» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2005 жылғы 14.02. «Ақшалай ұтыстары бар ойын автоматтарына акциз ставкасын бекіту туралы» № С-14/6 шешіміне өзгерту енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 258 бабына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28.01. қаулысына өзгертулер енгізу туралы» 2005 жылғы 05.10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1001 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2005 жылғы 14.02. «Ақшалай ұтыстары бар ойын автоматтарына акциз ставкасын бекіту туралы» (2005 жылғы 09.03. Әділет департаментінде № 3061 тіркелген және 2005 жылғы 26.03. аудандық «Жана дәуір, Сельская Новь» газетінің № 14 жарияланған) № С-14/6, одан кейінгі өзгертілген және толықтырылған (2005 жылғы 16.06. Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында № 1-10-9 тіркелген, 2005 жылғы 25.06. «Жаңа дәуір, Сельская Новь» газетінің № 28 жарияланған) 2005 жылғы 03.06. № С-18/3 шешіміне келесідей өзгерту енгізілсін: 1 тармақтағы «5» саны «10» санымен алмастырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет және қаржы, заңдылық пен құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.