О внесении изменений в решение акима области № 146 от 23 августа 2000 года Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкімінің 2000 жылғы
23 тамыздағы N 146 шешіміне
өзгертулер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.03.14 N 23ұ өкімімен.
Облыстың 2000-2002 жылдырға арналған кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу жөніндегі бағдарламасын орындау үшін және аз қамтамасыз етілген, жалғыс тұратын, зейнетақысы немесе әлеуметтік жәрдем ақысы мемлекеттік заңнамалармен бекітілген ең төменгі мөлшерден аспайтын азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында облыс әкімінің 2000 жылғы 23 тамыздағы “Аз қамтамасыз етілген, жалғыз басты азаматтарға қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүруге атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы ” N146 шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін:
Тармақ 1
1. 1 тармақ келісі түзетуде баяндалсын:
2001 жылғы 1 қантардан бастап аз қамтамасыз етілген, жалғыз тұратың, зейнетақысы немесе әлеуметтік жәрдем ақысы мемлекеттік заңнамалармен бекітілген ең төменгі мөлшерден аспайтын азаматтарға қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүруге жеңілдік белгіленсін.
Тармақ 2
2. 6 тармақ келесі түзетуде баяндалсын:
Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е.Л.Түгжановқа жүктелсін.