О внесении изменений в постановление акимата города Актау № 1469 от 29 декабря 2005 года "Об утверждении Правил назначения и выплаты социальной помощи для материального обеспечения детей-инвалидов до шестнадцати лет, воспитывающихся и обучающихся на дому" Қолданыста
Басқа 0
Ақтау қаласы әкімдігінің "Үйде тәрбиеленетін және оқитын он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу Қағидасын бекіту туралы" 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 1469 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 37 бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңына, «Қазақстан Республикасының халқын тіркеуді кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жыл 21 шілдедегі № 761 қаулысына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтау қаласы әкімдігінің «Үйде тәрбиеленетін және оқитын он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу Қағидасын бекіту туралы» 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 1469 қаулысына (нормативтік құқықты кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11-1-20 болып тіркелген, 14.03.2006 ж. № 41 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
осы қаулымен бекітілген Қағиданың 4 - тармағындағы «тұрғындарды есепке алу» сөздері «азаматтарды тіркеу» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.К. Хитуовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.