О внесении изменений и дополнений в «Правила оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан», утвержденные решением сессии районного маслихата № С-14/7 от 14 февраля 2005 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 14 ақпандағы сессиясының № С-14/7 шешімімен бекітілген «Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережесіне» өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, «Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің» 53 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2005 жылғы 14 ақпандағы «Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» № С-14/7 шешімінің (2005 жылғы 5 наурызда Ақмола облысының Әділет департаментінде № 3054 тіркелген және аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінің 2005 жылғы 2 сәуірдегі № 15 жарияланған) № 1 қосымшасына және одан кейін өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 2006 жылғы 18 қаңтардағы № С-28/4 шешіміне (2006 жылғы 23 қаңтарда аудандық Әділет басқармасында № 1-10-28 тіркелген және 2006 жылғы 4 ақпанда аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінің №5 жарияланған) және 2006 жылғы 24 сәуірдегі № С-31/3 шешіміне (2006 жылғы 5 мамырда аудандық Әділет басқармасында № 1-10-39 тіркелген және 2006 жылғы 20 мамырда аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінің № 23 жарияланған) келесідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін: 2 тараудың 4 тармағындағы «Дәрігерлік-әлеуметтік сараптама қорытындысына сәйкес бойынша мүгедектерге материалдық көмек көрсету» деген абзац алынып тасталсын; 2 тараудың «Әлеуметтік көмек алу құқығы» деген 5 тармағы төмендегідей мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Санаториалық-курорттық емделу мен Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласына саяхат жасау үшін еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне»; «Әлеуметтік-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес материалдық көмек көрсету үшін мүгедектерге».
Тармақ 2
2. Шешім Еңбекшілдер аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы шешім аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінде жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.