О внесении изменений и дополнений в «Правила оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан», утвержденные решением сессии районного маслихата № С-14/7 от 14 февраля 2005 года Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 14 ақпандағы сессиясының № С-14/7 шешімімен бекітілген «Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелеріне» өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, «Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің» 53 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2005 жылғы 14 ақпандағы «Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» № С-14/7 шешімінің (2005 жылғы 5 наурызда Ақмола облысының Әділет департаментінде № 3054 тіркелген және аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінің 2005 жылғы 2 сәуірдегі №15 жарияланған) № 1 қосымшасына және одан кейін өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 2006 жылғы 18 қаңтардағы № С-28/4 шешіміне (2006 жылғы 23 қаңтарда аудандық Әділет басқармасында № 1-10-28 тіркелген және 2006 жылғы 4 ақпанда аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінің № 5 жарияланған), 2006 жылғы 24 сәуірдегі № С-31/3 шешіміне (2006 жылғы 5 мамырда аудандық Әділет басқармасында № 1-10-39 тіркелген және 2006 жылғы 20 мамырда аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінің № 23 жарияланған), 2007 жылғы 30 наурызда № С-42/5 шешіміне (2007 жылғы 13 сәуірде аудандық Әділет басқармасында № 1-10-53 тіркелген және 2007 жылғы 28 сәуірде аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінің № 20-21 жарияланған) келесідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін: «Әлеуметтік көмек алу құқығы» 2 тарауының 4 тармағы төмендегідей абзацтармен толықтырылсын: - «аудан мекемелеріне қызметке түскен жас мамандар оқу орындарының түлектері, бюджеттік комиссияда бекітілген сомаларға сәйкес».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік экономикалық даму, бюджет және қаржы, заңдылық пен құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне еніп, ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.