О внесении изменений в постановление акимата города Балхаша № 15/02 от 24 марта 2006 года «О проведении призыва граждан 1979 - 1988 годов рождения на срочную военную службу весной и осенью 2006 года в Вооруженные Силы Республики Казахстан». Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«1979 - 1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемі мен күзінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Балқаш қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 наурыздағы №15/02 қаулысына өзгірістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндіттілік және әскери қызмет туралы» Заңының негізінде, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 8 тармақшасын басшылыққа ала отырып Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «1979 — 1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемі мен күзінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Балқаш қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 наурыздағы №15/02 қаулысына (норматизттік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде №8-4-31 болып тіркелген, 2006 жылғы 17 мамырда «Балқаш өнipi» газетінің 41 нөмірінде және 2006 жылғы 17 мамырда «Северное Прибалхашье» газетінің 26 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 3 тармағында: қалалық шақыру комиссиясының құрамынан: Мерей Орынбайұлы Орынбаев - Балқаш қаласы iшкi істер бөлімі бастығының орынбасары шығарылсын, қалалық шақыру комиссиясының құрамына: Станислав Дмитриевич Боровицкий - қалалық iшкi істер бөлімі бастығының орынбасары енгізілсін;
Тармақша 2
2) жоғарыда аталған қаулының қосымшасына: медициналық комиссиясының резервтік құрамынан: Жанар Рамазанқызы Алғожина - дәрігер-психиатр шығарылсын. медициналық комиссиясының резервтік құрамына: Евгений Александрович Бурбель – дәрігер-психиатр енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. «КЕЛІСІЛДІ» Қарағанды облысының денсаулық сақтау департаментінің Балқаш аумақтық бөлімінің өкілеттілігінің бастығы ______________ М.Жанов 2006 жыл «05» 07 Қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы ______________ Е. Киякин 2006 жыл «05» 07