О внесении изменений в постановление акимата города Балхаш № 15/02 от 25 декабря 2007 года «Об утверждении перечня предприятий, организаций, учреждений города Балхаша, в которых будут проводиться общественные работы в 2008 году» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2008 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары, ұйымдары, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 15/02 Балқаш қаласы әкімдігінің қаулысына өзгерістер еңгізу туралы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31,37 бабын және «Халықты жұмыспен қамту туралы» «Қазақстан Республикасының 2001жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыруға жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесіне сәйкес, жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту және олардың табыс табуы үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру, кедейшілікті болдырмау, жұмыссыздық ауқымы мен деңгейін қысқарту мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Балқаш қаласының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №15/02 «2008 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары, ұйымдары, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу нөмірі №8-4-95, 2008 жылдың 25 қаңтарындағы №7 (11226) «Балқаш өңірі», №10-11(250) «Северное Прибалхашье» баспаларында жарияланған, Балқаш қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 30/12 «2008 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындары, ұйымдары, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер еңгізу туралы), нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу нөмірі №8-4-95, 2008жылғы 08 қазандағы № 120 (360) «Балқаш өңірі», 2008 жылғы 08 қазандағы № 103 (11321) «Северное Прибалхашье» баспаларында жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс еңгізілсін: Қоса беріліп отырған қосымша жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л. М. Түкбаеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енеді. КЕЛІСІЛГЕН «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы «4» қараша 2008 ж. Қ.Қ. Адамова «Балқаш қаласының қаржы бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы «4» қараша 2008 ж. Ж.Қ. Томпиева
Басқа 4
Балқаш қаласы әкімдігінің 2008 жылғы «06» қарашадағы № 37/18 қаулысына қосымша 2008 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала мекемелері мен ұйымдарының тізімі р/с Мекемелер мен ұйымдар, кәсіпорындар атаулары Жылдық адам саны Жұмыс түрлері 1 2 3 4 1 «Балқаш қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» Мемлекеттік мекемесі 5 Жеке меншік мал басы, үй жануарлары, құстар есебінің кітабын жүргізу 2 Қарағанды облысының Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» Мемлекеттік мекемесі 34 Әскери қатарға тіркеу және шақыру қағаздарын тарату 3 «Сот орындаушыларының Балқаш аумақтық учаскесі» Мемлекеттік мекемесі 22 Атқару бойынша іс-қағаздар хабарламаларын тарату 4 «Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі 10 Объектілерді есепке алу, құжаттарды тіркеу, курьерлік жұмыс 5 «Балқаш қалалық статистика бөлімі» Мемлекеттік мекемесі 15 Курьерлік жұмыс, құжаттарды тіркеу. 7 «Балқаш қаласы Гүлшат кенті әкім аппараты» Мемлекеттік мекемесі 30 Кентті көркейту, тазарту жұмыстары. 8 «Балқаш қаласы Гүлшат кенті әкім аппараты» Мемлекеттік мекемесі 20 Ауылшаруашылық жұмыстары 9 «Балқаш қаласы Қоңырат кенті әкім аппараты» Мемлекеттік мекемесі 30 Кентті көркейту, тазарту жұмыстары. 10 «Балқаш қаласы Қоңырат кенті әкім аппараты» Мемлекеттік мекемесі 15 Ауылшаруашылық жұмыстары 11 «Балқаш қаласы бойынша салық басқармасы» Мемлекеттік мекемесі 10 Салық төлеу туралы ескертулерді тарату, объектілерге есеп жасау. 12 «Балқаш қалалық коммуналдық шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны 79 Қаланы көркейту, тазарту, көгалдандыру жұмыстары 13 «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі 25 Тұрғын-үй жағдайларын тексеру актісін жасау, құжаттарды тіркеу, курьерлік жұмыс. 14 Балқаш қалалық прокуратурасы 10 Курьерлік жұмыс, мұрағатты құжаттармен жұмыс. 15 «Балқаш қаласы Саяқ кенті әкім аппараты» Мемлекеттік мекемесі 20 Кентті көркейту, тазарту жұмыстары. 16 Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасының Балқаш қалалық инспекциясы 10 Курьерлік жұмыс, мұрағатты құжаттармен жұмыс. 17 «Балқаш қаласының әділет басқармасы» Мемлекеттік мекемесі 15 Компьютерлік база, мұрағаттық құжаттармен жұмыс 18 «Балқаш қаласы Әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі 25 Курьерлік, диспетчерлік жұмыс, құжаттарды тіркеу, заңдастыру жұмыстары. 19 «Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты» Мемлекеттік мекемесі 20 Хабарлама қағаздарын, ескертулерді тарату. 20 «Балқаш қаласының сәулет және қала құрылыс бөлімі» Мемлекеттік мекемесі 10 Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау. 21 «Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі 34 Диспетчерлік жұмыс, коммуналдық сұрақтар бойынша қала тұрғындарының хаттарын қабылдау. 22 Балқаш қаласының Ішкі Істер бөлімі 15 Балқаш қаласының Ішкі Істер бөлімінде қосымша жұмыстарды атқару 23 «Балқаш қаласының кәсіпкерлік бөлімі» Мемлекеттік мекемесі 6 Курьерлік жұмыс, құжаттарды реттеу, мәліметтер жинағын даярлау 24 «Балқаш қаласының білім беру бөлімі» Мемлекеттік мекемесі 50 № 15 жалпы білім беру орта тектебін көркейту жұмыстары Барлығы 535