О внесении изменений в решение акима Карагандинской области № 155 от 5 сентября 2000 года "О создании служб Гражданской обороны и чрезвычайных ситуаций" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды облыс әкімінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі “Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерін құру туралы” N 155 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2002.10.14 N 150 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы N1527 Қаулысымен және Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар Министрлігінің 2000 жылғы 24 қарашадағы N468-1 бұйрығымен 2001 жылғы 1 қантардан бастап Қарағанды облысының республикалық мәндегі автомобиль жолдарының қауіпсіздігі мен үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдары “Қазақавтожол” РМК Қарағанды филиалына осы ұйымның балансына “Қарағанды - АЖББ” Қарағанды автомобиль жолдары мемлекеттік мекемесінен республикалық мәндегі автомобиль жолдары мен оларға арналған ғимараттар, өндірістік кешендер, жол - құрылысы техникалары мен жабдықтары, байланыс құралдары, азаматтық қорғаныс объектілері, жұмылдыру резервтері мен басқа да негізгі құралдар беріле отырып, жүктеледі. Жоғарыда айтылғандардың негізінде Қарағанды облысы әкімінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі “Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерін құру туралы” N 155 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 12 тармақ келесі редакцияда баяндалсын: 12) жолдар және көпірлер - “Қазақавтожол” Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қарағанды филиалының базасында, қызмет бастығы - “Қазақавтожол” Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, қызмет штабының бастығы - “Қазақавтожол” Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас инженері. Оларға АҚ және ТЖ мәселелері бойынша ұйымдастыру жағынан: - Қарағанды облыстық автомобиль жолдары басқармасы; - “Қарағанды жолдары” ААҚ; - “Жезқазған жолдары” ААҚ; - “Ритм” ЖШС; - “Ұлан” ӨК; - “Бірлік” ЖШС; - “Ерлік” ӨК; - “Тастемір” ЖШС; - “Дорожник” ӨК; - “Жол құрылысы ЛТД” ЖШС; - “Жол құрылысы” ААҚ; және меншік үлгісіне байланыссыз атқаратын қызметтері ұқсас мекемелер мен ұйымдар бағындырылсын. КЕЛІСІЛГЕН: Қарағанды облыс әкімінің орынбасары, облыстық ТЖ жөніндегі комиссия төрағасы П.Ильницкий Қарағанды облысы Әкімінің көмекшісі Я.Дуда Қарағанды облыстық ТЖ жөніндегі басқарма бастығы, полковник М.Ысқақов “Қазақавтожол” Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қарағанды филиалының директоры А.Жүнісов