О внесении изменений в постановление № 159 от 28 апреля 2006 года «О корректировании средней урожайности (продуктивности), приведенной в нормативной карточке, а также цен, предоставляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), өндірістік шығыстардың орташа деңгейін, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 159 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің 30-тармағына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), өндірістік шығыстардың орташа деңгейін, сондай-ақ: жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 159 қаулысына, (мемлекеттік тіркеу нөмірі, 9-17-28 2006 жылғы 25 мамырдағы, «Сарыкөл» № 27 2006 жылғы 7 шілдедегі), келесі өзгерістер енгізілсін: 2-тармақта «10» цифрасы «50» цифрасына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), өндірістік шығыстардың орташа деңгейін, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 159 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 24 тамыздағы № 274 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Бегалинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған сәттен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.