О внесении дополнений в решение Павлодарского областного маслихата № 166/2 (II сессия, III созыв) от 26 декабря 2003 года "О программе индустриально-инновационного развития области на 2004 - 2006 годы" Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облыстық мәслихатының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы (III сайланған, II сессия) "2004 - 2006 жылдарға арналған облыстың индустриалды-инновациялық дамуының бағдарламасы" № 166/2 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының
6 бабы
1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Павлодар облыстық мәслихатының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы (III сайланған, II сессия) "2004 - 2006 жылдарға арналған облыстың индустриалды- инновациялық дамуының бағдарламасы туралы" № 166/2 шешiмiне (облыс әдiлет департаментiнде 2004 жылғы 20 қаңтарда 2214 нөмiр арқылы тiркелген, "Сарыарқа Самалы" газетiнiң 2004 жылғы 10 ақпандағы 17 нөмiрiнде, "Звезда Приртышья" газетiнiң 2004 жылғы 7 ақпандағы 16 нөмiрiнде жарияланған) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
2004 - 2006 жылдарға арналған облыстың индустриалды- инновациялық дамуының бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
"Инвестициялық қызметтi дамыту" 1 тарауы реттiк саны 15-1 мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
1.
Кластерлердi ұйымдастыру мүмкiндiктердi айқындау бойынша ұсыныстарды даярлау
Облыс әкiмiне есеп беру
Облыс экономика, индустрия мен сауда, ауыл шаруашылық департаменттерi
2004 ж. IV тоқсан
Қаржыландыру талап етiлмейдi
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Павлодар облыстық мәслихатының экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.