О внесении изменений и дополнений в решение акима области № 168 от 8 октября 1999 года Күшін жойған
Басқа 1
Облыс әкімінің 1999 жылғы 8 қазандағы
N 168 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар
енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды
–
Қарағанды облысы әкімінің 2003.03.14 N 23ө өкімімен.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке көзделген қаржылардың мақсатсыз шығындалуына жол бермеу мақсатында:
Облыс әкімінің 1999 жылғы 8 қазандағы “Баланың тууына және қайтыс болған жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсетудің Уақытша ережелері туралы” N 168 шешіміне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің 1999 жылғы 8 қазандағы N 168 шешімінің 3 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е.Л.Тоғжановқа жүктелсін.
Тармақ 2
2. Көрсетілген шешіммен бекітілген “Баланың тууына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетудің Уақытша ережесінің” (N 1 қосымша):
- 2 тармақтағы “1999 жылы” сөзі алынсын;
- 6 тармағы келесі редакцияда баяндалсын: “Баланың тууна бір жолғы жәрдемақы, егер жәрдемақы беру туралы өтініш баланың туу күнінен бастап 6 ай ішінде берілгенде тағайындалады”;
- 6 тармағы сәйкесінше 7 тармақ, 7 тармағы сәйкесінше 8 тармақ болып табылсын.
Тармақ 3
3. Көрсетілген шешіммен бекітілген “Қайтыс болған жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетудің Уақытша ережесінің” (N2 қосымша):
- 2 тармақтағы “1999 жылы қайтыс болған” сөзі - алынсын;
- 4 тармағы келесі редакцияда баяндалсын: “Қайтыс болған жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге бір жолғы жәрдемақы төлеу жәрдемақы беру туралы өтініш қайтыс болған күннен бастап 6 ай ішінде берілген жағдайда жүргізіледі”;
- 4 тармағы сәйкесінше 5 тармақ, 5 тармағы сәйкесінше 6 тармақ болып табылсын.