О внесении изменений и дополнения в нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан № 17 от 26 ноября 2004 года "О рассмотрении уголовных дел в сокращенном порядке" Қолданыста
Басқа 0
"Соттардың қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарауы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы № 17 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
Тармақ 1
1. «Соттардың қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарауы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы № 17 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Сот, сондай-ақ ҚІЖК-нің 361-бабында қарастырылған негіздер мен тәртіп бойынша сот отырысында дәлелдемелерді зерттеуді шектеу туралы қаулы шығара алады.»;
2) 9-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «үшінші» деген сөз «төртінші» деген сөзбен ауыстырылсын, «жаңа» деген сөз алынып тасталсын.
3) 13-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.