Об установлении ограничительных мероприятий и профилактике заболевания бешенства плотоядных животных в доме № 17 квартира № 5 по улице Энергетиков в городе Костанае Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай қаласы Энергетиков көшесі бойынша № 17 үйдегі № 5 пәтерінде шектеу іс-шараларды белгілеу және сүт қоректі жануарлардың құтыру ауруының алдын алу туралы «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қостанай аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының құтыру ауруын анықтау фактісі бойынша ұсынысы негізінде және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағы 9) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағы 18) тармақшасына сәйкес, адамдар мен үй жануарлардың құтырумен ауыруының алдын алу мақсатында Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы 1 ақпаннан Қостанай қаласы Энергетиков көшесіндегі № 17 үйдегі № 5 пәтерінде сүт қоректі жануарлардың құтыру ауруы бойынша қолайсыз пунктте шектеу іс-шаралар белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қостанай аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (Иманбаев Т.Қ., келісім бойынша) сүт қоректі жануарлардың құтыру ауруының алдын алу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың құрастырылған жоспарын орындауға ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.