О внесении изменений в постановление акимата города Алматы № 1/72 от 11.07.2001 года "О лицензировании отдельных видов деятельности в городе Алматы" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Алматы қаласы әкiмiнiң 2001 жылы 11 маусымдағы N 1/72 "Алматы қаласында кейбiр қызмет түрлерiн лицензиялау туралы" қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 09.03.2005 N 1/127 қаулысымен Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына, сонымен қатар Алматы қаласы мемлекеттiк органдарының қайта құрылуына байланысты, Алматы қаласының әкiмшiлiгi қаулы еттi:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы әкiмiнiң 2001 жылы 11 маусымдағы N 1/72 "Алматы қаласында кейбiр қызмет түрлерiн лицензиялау туралы" қаулысына келесi өзгертулер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) 2-шi тармақ келесi редакцияда жазылсын: "2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Алматы қаласы бойынша Аймақтық басқармасы жанындағы сараптаушы комиссиясы ветеринарлық қызметке қорытынды.";
Тармақша 2
2) 5-шi тармақ келесi редакцияда жазылсын: "5. Алматы қаласы Бiлiм және ғылым комитетi жанындағы сараптаушы комиссиясы – негiзгi жалпы және орта немесе бастауыш кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына, сонымен қатар Алматы қаласының аумағындағы мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметтерiне қорытынды.";
Тармақша 3
3) 7-шi тармақ келесi редакцияда жазылсын: "7. Алматы қаласы өндiрiс және сауда департаментiнiң жанындағы сарапшылар комиссиясы - тотализаторлар, казинолар ұйымдастыру және жүргiзу қызметiне қорытынды." бередi.