О внесении изменений в решение Павлодарского областного маслихата № 173/2 (II сессия, III созыв) от 26 декабря 2003 года "О программе стабилизации цен на основные продовольственные товары в области на 2004 - 2005 годы" Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облыстық мәслихатының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы (III сайланған II сессия) "2004 - 2005 жылдарға арналған облыста негізгі азық-түлік товарларына бағаларды тұрақтандырудың бағдарламасы туралы" № 173/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының
6 бабы
1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Павлодар облыстық мәслихатының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы (III сайланған, II сессия) "2004 - 2005 жылдарға арналған облыста негiзгi азық-түлiк товарларына бағаларды тұрақтандырудың бағдарламасы туралы" № 173/2 шешiмiне (облыс әдiлет департаментiнде 2004 жылғы 19 қаңтарда 2208 нөмiр арқылы тiркелген, "Звезда Прииртышья" газетiнiң 2004 жылғы 7 ақпандағы 16 нөмiрiнде, "Сарыарқа Самалы" газетiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы 12 нөмiрiнде жарияланған)мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
көрсетiлген шешiммен бекiтiлген 2004 - 2005 жылдарға арналған облыста негiзгi азық-түлiк товарларына бағаларды тұрақтандырудың бағдарламасында:
"2004 - 2005 жылдарға арналған облыста негiзгi азық-түлiк товарларына бағаларды тұрақтандырудың бағдарламасын iске асырудың 2004 жылға арналған iс-шаралар жоспарының" 7 тарауында:
реттiк нөмiрi 27 жолында:
"орындалуына (iске асыруына) жауаптылар" деген 4 бағандағы "облыс Iшкi iстер басқармасы" деген сөздер сөздер "экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнiндегi департаментi (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Орындалу (iске асыру) мерзiмi" деген 5 бағанадағы "1" саны "4" санымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Павлодар облыстық мәслихатының экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.