О внесении изменений и дополнений в решение акима области № 174 от 02.07.99г. Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің 02.07.99ж. № 174 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық әділет департаменті бастығының 02.12.2003 жылғы қорытындысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1999 жылғы 23 қазандағы № 1593 қаулысына сәйкес, шешім етемін:
Тармақ 1
1. 07.07.99 ж. № 174 шешіммен бекітілген 1999 жылға арналған жергілікті бюджетке кредиторлық, берешекті өтеудің реті туралы Тәртібіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1)2 тармақтағы «1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жинақтала пайда болған, есептесу жүргізу сәтіне өтелмеген (бұдан әрі жергілікті бюджеттке төлем жөніндегі кредиторлық берешек)» деген сөздер «есептесуді жүргізу сәтіндеп жағдай бойынша жинақтала пайда болған (бүдан әрі - жергілікті бюджетке төлемдер бойынша кредиторлық берешек), алайда (салық төлеушітң жеке дара есеп-шотында, көрініс табатын) 1998 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жинақтала пайда болған сондай берешектен артпайтын сомада» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақша 2
2)12 тармағы: «Өнім берушілер арасында 1998 жылғы берешек жоқ болған жағдаида ағымдағы жылдың кредиторлық берешегін өтеуге жол беріледі» деген сөйлеммен толықтырылсын.
Тармақша 3
3)тармағы: «Өнім берушілер арасында салық органдарының анықтамаларъінда көрсетілгендегіден үлкен сомаға жасалынған салыстыру актісі қабылдануы ықтимал деп саналады» деген сөйлеммен толықтырылсын.