О внесении дополнений в решение акима области № 174 от 07.07.99г. «О мерах по организации погашения кредиторской задолженности» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің «Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» 07.07.99ж. № 174 шешіміне толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімінің 30.03.2000 № 370 шешімімен. Кредиторлық берешекті өтеудің жекелеген схемалары бойынша шығыстар бір ауданның (қаланың) бюджетінен жүргізілетіндігіне, ал соңғы салық төлеуші басқа бір ауданның (қаланың) кәсіпорыңдары мен ұйымдары болып табылатындығына байланысты шешім етемін:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің «Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» 07.07.99 ж. № 174 шешімі мынадай мазмұндағы 5 және 6 тармақтармен толықтырылсын: «5. Қалалардың, аудандардың әкімдеріне аумақтық салық комитетімен бірлесіп осы аудаиның (қаланың) кредиторлық берешегін өтеуге арналған шығыстарын лақтылы іс жүзінде қаржыландыруды жүзеге асырған аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне аудан (қала) кірістерінің жол берілген контингентін рәсімдеу міндеттелсін. 6. Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық басқармасы (А.А. Қүдайберген) өзара есептесуді жүргізу үдерісінде, қаржы органдарының жазбаша хабарламасына сәйкес кірістер контингентін бір ауданның (қаланың бюджетінен басқасына беруді жүргізсін.
Тармақ 2
2. Шешімнің 5 тармағы 7 тармақ болып саналсын.