О внесении дополнений в решение акима области № 180 от 20 сентября 1999 года "Об утверждении временного положения об оказании адресной социальной помощи малообеспеченным гражданам области" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Облыстағы аз қамсыздалған азаматтарға адресті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уақытша ережені бекіту туралы» облыс әкімінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі № 180 шешіміне толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 26.02.2002 № 2 шешімі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің № 10-11-2/9537 хатына сәйкес 5 қазан 1999 жылғы аз қамсыздандырылған тұрғындар жігін қолдау, үйлерінде оқитын мүгедек балаларға жәрдемақы көлемін тағайындау мәселесін шешу жөнінде, 4 және одан да көп жеті жаска дейінгі балалары бар жұмыс істемейтін көп балалы аналарға жәрдемақы тағайындау мақсаттарында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1. І БӨЛІМ. Жалпы ереже
- облыс әкімінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі № 180 шешімімен бекітілген Облыстың аз қамтамасыз етілген азаматтарына әлеуметтік адрестік көмек көрсету жөніндегі уақытша ережеге төмендегі өзгерістер енгізілсін. І БӨЛІМ. Жалпы ереже «Белгіленген тәртіппен жұмыссыз мәртебесін алған адамдар» сөзінен кейін 1.4 тармағы толтырылсын: -үйлерінде тұрып оқитын мүгедек балаларға; -жеті жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалы жұмыс істемейтін аналарға. 1.6. тармағынан кейін келесі бөлімдермен толтырылсын: 1.7. жәрдемақы жаңа туған, қамқорға алынған және асырап алынған балаларға тағайындалады және төленеді. 1.8. толық мемлекеттік қамсыздандырудағы және жұмыс істейтін балаларға жәрдемақы тағайындалмайды және төленбейді, сол сияқты ата-ана құқығынан айрылған ата-анаға жәрдемақы тағайындалмайды және төленбейді. II БӨЛІМ. Жәрдемақы тағайындау талаптары мен тәртібі 2.2. тармағының соңғы жолы «жерлеуді ұйымдастырған алушы кісінің куәлендіру құжаты» сөзінен кейін келесі мазмұндағы бөліктермен толтырылсын: Үйінде тұрып оқитын мүгедек баланың тұрақты мекен-жайы бойынша әкесінің, не анасының, не болмаса олардың орнындағы кісінің арызы бойынша жәрдемақы тағайындалады. Мүгедек баланы оқыту үшін оның арызына қосымша, облыстық оқу басқармасы жанындағы Ведомствоаралық жүйке-медицина-педагогикалық консультативтік комиссиясының анықтамасы қоса беріледі. Отбасының кірісіне қарамастан, жеті жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалы жұмыс істемейтін аналарға және үйінде тұрып оқитын мүгедек балаларға ай сайын жәрдемақы төленеді. III БӨЛІМ. Жәрдемақы көлемі және оны тағайындаудың мерзімділігі және көлемі «Өз қалаулары бойынша әлеуметті көмектің бір түрі беріледі» сөзінен кейін 3.1. тармағы келесі мазмұндағы бөлімдермен толтырылсын: Үйлерінде оқитын мүгедек балаларға жәрдемақы тоқсанына айлық есептік көрсеткішті 2,5 көлемінде тағайындалады. 7 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалы жұмыс істемейтін аналарға жәрдемақы ай сайын бір айлық есепті көрсеткішінің көлемінде тағайындалады.