О внесении изменений в постановление № 18/1 «Об утверждении стандартов оказания государственных услуг государственным учреждением «Отдел образования акимата города Экибастуза» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 21 қаңтардағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» № 18/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылгы 30 маусымдағы «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілген мемлекеттік қызметтің тізілімін бекіту туралы» № 561 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің Үлгілік стандартын бекіту туралы» № 558 Қаулысының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының көрсеткіштерін анықтау бойынша модельдік әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» № 02-01-02/172 бұйрығына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкестікке келтіру мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 21 қаңтардағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім болімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» № 18/1 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-қосымшалардағы кестелер жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.