О внесении изменений в постановление акимата Мендыкаринского района № 183 от 2 мая 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 183 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің 30-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 183 «18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 2 тармақ келесі редакциясында баяндалсын: 65 % азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын 2006 жылға арналған түзету белгіленсін.