О внесении изменений в постановление акимата Сарыкольского района № 184 от 27 апреля 2007 года «Об организации и обеспечении проведения очередного призы граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының тәртібімен 2007 жылғы 24 мамырдағы № 7-17-693-07 наразылығының негізінде Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2007 жылғы 3 мамырдағы № 9-17-43 нөмірімеи тіркелген «Сарыкөл» аудандық газетінде 2007 жылғы 11 мамырда 19 нөмірімен жарияланған Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 184 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін: «Азаматтардың» сөзіне дейінгі «шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған» деген сөздер «шақыруды кейінге қалдыру не босату құқығынан айрылған он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгілер, сонымен қатар жиырма жетіге толмаған, оқу орнынан шығарылған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтемеген» деген сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш жарияланған кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енеді.
Тармақ 3
3. Берілген қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.М. Вандышевқа жүктелсін.