Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан № 19 от 15 августа 2002 года "О судебном приговоре"

Қаулы · № 2 · қабылданған 09.03.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-19-15-2002/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменения в нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан № 19 от 15 августа 2002 года "О судебном приговоре" Күшін жойған Қаулы ·№ 2 ·09.03.2006
20.04.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан № 19 от 15 августа 2002 года "О судебном приговоре"

Күшін жойған Қаулы ·№ 2 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан № 19 от 15 августа 2002 года "О судебном приговоре"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Сот үкiмi туралы" 2002 жылғы 15 тамыздағы № 19 нормативтiк қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2
Қабылданған күні
09.03.2006
Көрсетілген редакция
20.04.2018 26768_327814.kaz
Соңғы өзгеріс
20.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P06000002S_
ЭКБ идентификаторы
26768
Редакция идентификаторы
26768_327814
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:49

0 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Сот үкiмi туралы" 2002 жылғы 15 тамыздағы № 19 нормативтiк қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қылмыстық iстi рақымшылық актiсiнiң негiзiнде қысқарту туралы қылмыстық iс жүргiзу заңының нормаларын бiркелкi қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етедi:

1 1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Сот үкiмi туралы" 2002 жылғы 15 тамыздағы N 19 нормативтiк қаулысының 8-тармағы мына редакцияда жазылсын:

"8. Соттың қылмыстық iстi рақымшылық актiсiнiң негiзiнде қысқартуы туралы мәселе, ҚIЖК-нiң 301-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес, сотталушы мен жәбiрленушiнiң қатысуымен алдын ала тыңдау өткiзiлiп қаралуға жатады. Осы ретте рақымшылық актiсiн қолдануға кедергi келтiретiн мән-жайлар болмаған жағдайда, сот iстi қысқарту туралы қаулы шығарады, онда iстi қысқартудың негiздемесi және сотталушының рақымшылық актiсiн қолданумен келiсуi көрсетiледi. Келiсу - сотталушының тағылған айыпты толық мойындауы деп есептеледi. Iстi қысқарту туралы қаулы ҚIЖК-нiң 307-бабының талаптарына сәйкес келуi тиiс және заттай дәлелдемелер туралы мәселенi ҚIЖК-нiң 121-бабының үшiншi бөлiгiмен белгiленген тәртiпте шешуi керек.
Сотталушы өзiн кiнәлi емеспiн деп есептеген жағдайда не жәбiрленушi рақымшылық актiсiн қолдануға көпе-көрiнеу кедергi келтiретiн мән-жайларды (қылмысты дұрыс сараламау, сотталушының жеке басы туралы мәлiметтердiң шындыққа сәйкес келмеуi және т.б.) көрсетсе және соттың осы уәждердi тексеруiне өтiнiш бiлдiрсе, сот басты сот талқылауын тағайындайды және өткiзедi, бұл талқылау, негiз болған жағдайда кiнәлiге жаза тағайындаумен және осы жазаны өтеуден босату туралы айыптау үкiмiн шығарумен аяқталады.
Егер сот тергеуi барысында сотталушыға әлдеқайда ауыр айып тағу үшiн iстi қосымша тергеуге жiберу туралы жәбiрленушiнiң өтiнiшiн қанағаттандыруға негiздер немесе рақымшылық актiсiн қолдану үшiн кедергi келтiретiн өзге де мән-жайлар анықтамаса, онда сот iстi рақымшылық актiсiне байланысты ҚIЖК-нiң 324-бабына сәйкес қысқартады.
Қылмыстық жолмен жиналған ақшалар мен өзге де құндылықтар, заңсыз кәсiпкерлiкпен алынған және контрабандалық заттар - заттай дәлелдемелер ретiнде танылған қылмыстық iстер бойынша рақымшылық актiсiн қолдану туралы мәселе басты сот талқылауында шешiледi, себебi бұл заттар ҚIЖК-нiң 121-бабы үшiншi бөлiгiнiң 4-тармағына сәйкес соттың үкiмi бойынша мемлекеттiң кiрiсiне алынуға жатады.".

2 2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтiк қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бiрдей мiндеттi болып табылады және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы