Об установлении зон санитарной охраны Тимофеевского хозяйственно-питьевого водозабора на участке скважин № 2 (0902), № 1 (0901-резервная) Казанбасского месторождения подземных вод в Аулиекольском районе Күшін жойған
Басқа 0
Әулиекөл ауданындағы Қазанбасы жер асты су көздерінің № 2 (0902), № 1 (0901-резервтік ұнғымалары) учаскесінде Тимофеев шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл ауданындағы Қазанбасы жер асты су көздерінің № 2 (0902), № 1 (0901-резервтік) ұңғымалары учаскесінде Тимофеев шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік мекемесінің
басшысының міндетін атқарушы
______________ С. Байменова
"Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Г. Оспанбекова
Басқа 3. Әулиекөл ауданындағы Қазанбасы жер асты су көздерінің № 2 (0902), № 1 (0901-резервтік) ұңғымалары учаскесінде Тимофеев шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің
2013 жылғы 12 наурыздағы
№ 88 қаулысына
қосымша
Әулиекөл ауданындағы Қазанбасы жер асты су көздерінің № 2 (0902), № 1 (0901-резервтік) ұңғымалары учаскесінде Тимофеев шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту көзінің атауы
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері
І - белдеу
ІІ - белдеу
ІІІ - белдеу
шекарасы
ауданы
шекарасы
ауданы
шекарасы
ауданы
Ұңғымалар:
№ 2 (09020),
№ 1 (0901 -
резервтік)
Радиусі – әр ұңғыманың
айналасында 50 метр
Әр ұңғыманың айналасында 1,6 гектар
Ұзындығы – 182 метр
Барынша ені – 272 метр
4,92 гектар
Радиусі – 645 метр
130,6 гектар
Ескерту: санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары "Әулиекөл ауданындағы Қазанбасы жер асты су көздерінің № 2 (0902), № 1 (0901-резервтік) ұңғымалары учаскесінде Тимофеев су тартуының санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында көрсетілген (Тапсырыс беруші – "Тимофеевка-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).