О внесении изменений в решение акима Щербактинского района № 2 от 13 марта 2015 года «Об образовании избирательных участков на территории Щербактинского района» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шарбақты ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 наурыздағы «Шарбақты ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Шарбақты ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 2 «Шарбақты ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4395 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: № 445, № 448, № 458, № 465 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын: «№ 445 сайлау учаскесі Сайлау учаскесінің орталығы: Сосновка ауылы, З.Космодемьянской көшесі, 1, «Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің «Сосновка жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты; сайлау учаскесінің шекаралары: Сосновка ауылдық округінің Сосновка ауылы.»; «№ 448 сайлау учаскесі Сайлау учаскесінің орталығы: Назаровка ауылы, Жеңіс көшесі, 11А, «Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің «Назаровка негізгі жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты; сайлау учаскесінің шекаралары: Назаровка ауылы, Алексеевка ауылының Суворов № 2, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 16, 18, 19, Западная № 1, 2 көшелері (таратылған Каховка ауылы).»; «№ 458 сайлау учаскесі Сайлау учаскесінің орталығы: Арбаиген ауылы, Абай көшесі, 77, «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны мәдениет үйінің ғимараты; сайлау учаскесінің шекаралары: Галкино ауылдық округінің Арбаиген ауылы.»; «№ 465 сайлау учаскесі Сайлау учаскесінің орталығы: Садық-Ащы ауылы, Центральная көшесі, 15, әкімшілік ғимараты; сайлау учаскесінің шекаралары: Садық-Ащы ауылы, Шошқалы ауылы, Шалдай ауылы А. Бөкейханов көшесі № 1, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 12, 14 (қысқартылған Сүгір ауылы), Шалдай ауылы, М. Дулатов көшесі № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 11, 13, 15, 17, 19 (таратылған Бозалаң ауылы).»; № 467 сайлау учаскесі алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы