Ауданның жалпы орта білім беретін мектептері мен № 2 Ойыл кәсіптік лицей оқушыларымен 2004-2005 оқу жылында оқу-далалық (лагерьлік) жиынын өткізу туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауданның жалпы орта білім беретін мектептері мен № 2 Ойыл кәсіптік лицей оқушыларымен 2004-2005 оқу жылында оқу-далалық (лагерьлік) жиынын өткізу туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы "Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 "Бастапқы әскери дайындық туралы" қаулысын басшылыққа алып қабылданған облыс әкімдігінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 86 «Бастапқы әскери дайындықтың толық курсын оқып бітірген облыстың жалпы білім беретін мектептері мен мектеп-интернаттары, кәсіптік мектептері (лицейлері) және орта кәсіптік оқу орындары (колледждері) оқушыларымен 2004-2005 оқу жылында оқу-далалық (лагерлік) жиындарын өткізу туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Ауданның жалпы білім беретін мектептерінің 11-сынып және № 2 Ойыл кәсіптік лицейдің 2-курс оқушыларымен бастапқы әскери дайындық бойынша белгіленген оқу жоспарына сәйкес 2005 жылдың 11-15 мамыр аралығында далалық-оқу жиындары өткізілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық білім және спорт бөлімі (Қ. Жонысов) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен (С. Отаров) бірлесе отырып, бес күндік далалық-оқу жиындарын өткізу жөніндегі бағдарлама мен іс-шаралар жоспарын жасасын.
Тармақ 3
3. Ер балалармен далалық-оқу жиынын өткізу орыны болып Ойыл селосы белгіленсін. Мектептер директорларына 11 сыныпта оқитын ер балаларды Ойыл селосына жеткізуін және алып кетуін ұйымдастыруына көмек көрсету ауылдық округтер әкімдеріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (С. Отаров), аудандық білім және спорт бөлімі мамандарына, бастапқы әскери дайындық пәні жетекшілеріне жиынның уақтылы және тиімді де жүйелі өткізілуіне көмек көрсетіп, осы бағыттағы тисті мекемелердің жауапты адамдардың іс-қимылын өзара үйлестіруді жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Ер балалардың бес күндік далалық-оқу жиыны кезінде аталған сыныптарда, курстарда оқитын қыздарды аудан және ауылдық округтер орталықтарындағы жергілікті медициналық емдеу мекемелерінде, аудандық білім және спорт бөлімімен (Қ. Жонысов) және аудан әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасымен (М. Абдуллин) келісе отырып өндірістік дайындықтан өткізуді ұйымдастыру аудандық орталық аухананың бас дәрігеріне (Е. Жолдыбаев) міндеттелсін.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөліміне (Н. Өрісбаев), аудандық № 14 өрт сөндіру бөлімшесіне (Т. Мұқанов) жиын өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіп пен өртке қарсы қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету шараларын жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Аудандық білім және спорт бөлімі (Қ. Жонысов) ер балалардың бес күндік оқу жиынын өткізу жөніндегі шаралар жоспарында оларды орналастыру мен тамақтандыру орнын нақты анықтап белгілеп, жиын кезінде олардың дене тәрбиесі дайындығын бақылауды жүзеге асырсын, спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Аудандық экономика және қаржы бөліміне (М. Сембі) осы жылғы 3 мамырға дейін сметалық тапсырыстарға сәйкес оқушылардың оқу-жиынына қажетті ақша қаражатын бөлу тапсырылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қазыбаевқа жүктелсін.