Об объявлении объектовой чрезвычайной ситуации техногенного характера по аварийному состоянию дома № 2 по улице Астана в селе Узынагаш Узынагашского сельского округа Жамбылского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округі Ұзынағаш ауылы Астана көшесі № 2 үйдің авариялық жағдайы бойынша объектілік техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 48-бабына және «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округі Ұзынағаш ауылы Астана көшесі №2 үйдің авариялық жағдайы бойынша объектілік техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. «Жамбыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инпекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.