О предоставлении товариществу с ограниченной ответственностью "Акмай" права временного пользования земельным участком для бурения разведочной скважины № 2 Бозоба Западная на территории земельного запаса в Темирском районе Күшін жойған
Басқа 0
Темір ауданының босалқы жер аумағындағы № 2 Батыс Бозоба барлау скважинасын бұрғылу үшін "Ақмай" жауапкерішілігі шектеулі серіктестігіне жер
учаскелерін уақытша пайдалану құқын беру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – қолдану мерзімі өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облысы әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты.
"Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы Заң күші бар № 2717 Жарлығының 51 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметімен 1996 жылдьң 19 сәуірінде берілген МГ сериялы № 300 /мұнай/ жер қойнауы қазба байлықтарын пайдалану құқы лицензиясына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылты 4 наурыздағы № 299 қаулысымен бекітілген "Ауыл және орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсатта ауыл шаруашылығы жерлері мен орман алқаптарын пайдалану үшін алған жағдайда ауыл және орман шаруашылығы өндірісінің қайтаруға жататын шығындарын анықтау тәртібі туралы Ережеге" сәйкес облыс Әкімі ШЕШIМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Темір ауданының босалқы жер аумағынан № 2 Батыс Бозоба барлау скважинасын бұрғылау үшін көлемі 4,2 гектар жайылымдық жер учаскесінің уақытша пайдалану құқы 3 жылдьқ мерзімге "Ақмай" жауапкершігілігі шектеулі серіктестігіне берілсін.
Тармақ 2
2. "Ақмай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
Тармақша 1
1) қосымшага сәйкес ауыл шаруашылығы өндірісінің 40824 теңге көлеміндегі шығынын өтесін;
Тармақша 2
2) жұмыстарды аяқтағаннан кейін берілген жерлерді қайта өңдесін және белгіленген тәртіп бойынша ауданға қайтарсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орыңдалуын бақылау Темір ауданының әкімі А. Мырзалинге
жүктелсін.
Басқа 6
Облыс Әкімінің 1999 жылғы
«8» желтоқсандағы № 209
шешіміне қосымша
№ 2 Батыс Бозоба барлау скважинасын бұрғылау үшін "Ақмай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жерді уақытша пайдалануымен байланысты ауыл шаруашылығы өндірісі шығындарының ЕСЕБI:
Ауыл шаруашылығын жүргізуде
қажетті
жердің
түрі
Топырақ
түрі
Жер
көлемі
гектар
1 гектар
жердің
құқы
теңге
Барлығы
сомасы
теңге
Бір жылға
төленетін
соманың
5 % мөлшері
Пайдалану
мерзімі
Қайтарылатын шығын
көлемі теңге
жайылыс
қызыл қоңыр
4,2
64800
272160
13608
3 жыл
40824