О перепрофилировании профессионально-технической школы № 2 г.Актау Күшін жойған
Басқа 0
Ақтау қаласы № 2 кәсіптік-техникалық
мектепті қайта бағдарлау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық Әділет
басқармасы бастығының 02.12.2003 жылғы қорытындысымен.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 8 шілдедегі N 649 Қаулысымен бекітілген 1998-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасындаєы құқық бұзушылықтың алдын алудың кешенді бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ тәрбие жағдайына ерекше көңіл бөлуді қажет ететін балалар мен жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу мақсатында, шешім етемін:
Тармақ 1
1. Ақтау қаласы № 2 кәсіптік-техникалық мектебі мемлекеттік мекемесі "Маңғыстау облыстық арнаулы кәсіптік-техникалық мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі болып қайта бағдарлансын.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (С.Б. Шаметова) 2000 жылға арналған облыс бюджетін әзірлеу кезінде 2000 жылдың 1-ші шілдесінен бастап Маңғыстау облыстық арнаулы мектеп-интернатын ұстауға арнап қаражат көздестірсін.
Тармақ 3
3. Облыстық білім басқармасы (Ж.Н. Сағымбаева), ішкі істер басқармасымен (Н.И. Приходько), облыстық денсаулық сақтау басқармасымен (А.Т. Айдарханов) бірлесіп:
Тармақша 1
1) Бір ай мерзім ішінде жасөспірімдерді облыстық арнаулы кәсіптік-техникалық мектеп-интернатына рәсімдеуге қажетті құжаттардың тізбесін әзірлесін;
Тармақша 2
2) 2000 жылдың 15 тамызына дейін облыстық арнаулы кәсіптік-техникалық мектеп-интернатты білікті педагогикалық, медицина кадрларымен және тәрбиесі қиын жасөспірімдермен жұмыс істеуге жауапты қызметкерлермен жасақтасын.
Тармақ 4
4. Облыстық білім басқармасы (Ж.Н. Сағымбаева) белгіленген Заңға сәйкес:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік мекеменің Жарғысын әзірлесін және оны бекітсін;
Тармақша 2
2) Оны мемлекеттік қайта тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) Осы шешімнен туындайтын өзге де шараларын алсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бортникке жүктелсін.