Об установлении зон санитарной охраны хозяйственно-питьевых водозаборов на участке скважин № 2, № 14 Муктикольского месторождения подземных вод на территории Житикаринского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жітіқара ауданының аумағындағы Мүктікөл кен орнының жер асты сулары № 2, № 14 ұңғымаларының учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Жітіқара ауданының аумағындағы Мүктікөл кен орнының жер асты сулары № 2, № 14 ұңғымаларының учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы ________________________ Ю. Севостьянов "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы _____________________ Г. Оспанбекова
Басқа 3. Жітіқара ауданының аумағындағы Мүктікөл кен орнының жер асты сулары № 2, № 14 ұңғымаларының учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 409 қаулысына қосымша Жітіқара ауданының аумағындағы Мүктікөл кен орнының жер асты сулары № 2, № 14 ұңғымаларының учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері І - белдеу ІІ - белдеу ІІІ - белдеу Шекарасы Ауданы Шекарасы Ауданы Шекарасы Ауданы № 2, № 14 ұңғымалары Әр ұңғымадан мынадай қашықтықта: 30 метр (солтүстік шекара бойынша) 33 метр (шығыс шекара бойынша) 32 метр (оңтүстік шекара бойынша) 36 метр (батыс шекара бойынша) 0,34 гектар Ұзындығы – 190 метр Ені – 136 метр 8,34 гектар Радиусі - әр ұңғыманың айналасында 805 метр 203 гектар Ескерту: "Қостанай облысының Жітіқара ауданы. Мүктікөл кен орнының жер асты сулары. №№ 14 және 2 ұңғымаларының учаскесі көздерінің санитарлық қорғау аймақтары белдеулерінің мөлшерлерін негіздеу" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Житикаракоммунэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны).