Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Поликлиника № 2 города Рудный» на земельные участки Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Поликлиника № 2 города Рудный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Поликлиника № 2 города Рудный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Қостанай облысы, Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойынша 150 келушіні қабылдайтын емхана салу» жобасына арналған мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін: Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойындағы электрмен жабдықтау желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,1957 га; Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойындағы телефондандыру желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0070 га; Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойындағы су құбыры желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0224 га; Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойындағы кәріз желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0100 га; Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойындағы жылу желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0013 га; Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойындағы кірме жолдарды салу мақсатында көлемі 0,0198 га; Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойындағы кірме жолдарды салу мақсатында көлемі 0,0194 га.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.