Об установлении зон санитарной охраны хозяйственно-питьевого водозабора на участке скважин № 21, № 22, № 23, № 24 Сарыкольского водозабора и № 31, № 32 Весело-Кутского водозабора, расположенных в Карабалыкском районе Күшін жойған
Басқа 0
Қарабалық ауданында орналасқан Сарыкөл су тартуының № 21, № 22, № 23, № 24 және Весело-Кутский су тартуының № 31, № 32 ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қарабалық ауданында орналасқан Сарыкөл су тартуының № 21, № 22, № 23, № 24 және Весело-Кутский су тартуының № 31, № 32 ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Қостанай
облысы бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
_______________ С. Байменова
"Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және
қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________ Г. Оспанбекова
"Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы"
ММ басшысы
________________ Қ. Төлеубаев
Қарабалық ауданының әкімі
____________ А. Ысмағұлов
Басқа 3. Қарабалық ауданында орналасқан Сарыкөл су
тартуының № 21, № 22, № 23, № 24 және
Весело-Кутский су тартуының № 31, № 32 ұңғымалары
учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың
санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің
2014 жылғы 14 ақпандағы
№ 40 қаулысына
қосымша
Қарабалық ауданында орналасқан Сарыкөл су
тартуының № 21, № 22, № 23, № 24 және
Весело-Кутский су тартуының № 31, № 32 ұңғымалары
учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың
санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту көзінің атауы
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері
І - белдеу
ІІ - белдеу
ІІІ - белдеу
шекарасы
ауданы
шекарасы
ауданы
шекарасы
ауданы
Сарыкөл су тартуының № 21, № 22, № 23, № 24 ұңғымалары
Радиусы - әр ұңғыманың айналасында 50 метр
4,37 гектар
Радиусы - әр ұңғыманың айналасында 245 метр
29,95 гектар
Радиусы - әр ұңғыманың айналасында 1734 метр
960 гектар
Весело-Кутский су тартуының № 31, № 32 ұңғымалары
Радиусы- әр ұңғыманың айналасында 50 метр
1,7 гектар
Радиусы - әр ұңғыманың айналасында 259 метр
24,1 гектар
Радиусы - әр ұңғыманың айналасында 1833 метр
1070 гектар
Ескерту: "Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы №№ 21-24 (Сарыкөл су тарту), №№ 31,32 (Весело-Кутский су тарту) ұңғымалар учаскелерінде "Ақ-Бидай-Агро" ЖШС су тартуларының санитарлық қорғау аймақтары белдеулерінің мөлшерлерін негіздеу жобасы" картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші – "Ақ-Бидай-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).