О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата № 21/2 от 20 апреля 2005 года «О правилах благоустройства и санитарной очистки территории района, содержания и защиты зеленых насаждений» Қолданыста
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 20 сәуірден №21/2 «Аудан аумағын көркейту және санитарлық тазарту, отырғызылған көгалдарды қорғау және күту ережесі туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына «Қазақстан Республикасында сайлау туралы» және Қазақстан Республикасы Заңының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 20 сәуірден XXI сессиясының №21/2 «Аудан аумагын көркейту және санитарлық тазарту, отырғызылған көгалдарды қорғау және күту ережесі туралы» шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 13-14-2 20.05.2005 жылғы аудандық «Новатор» газетінде жарияланған №51 14.06.2005 жылғы ) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізу:
4 бөлімде, 20 тармақта, 2 тармақшада «тастау» сөзін шығару, келесі мазмұндағы «үндеу түріндегі баспалы үгіттік материалдарды лақтырып тастау» сөздерімен толықтыру;
15 тармақшада, 20 тармақта, 4 бөлімде «жарнамалар» сөзінен кейін «үндеулер, хабарламалар және басқа да үгіттік материалдар» сөздерімен толықтыру.
Тармақ 2
2. Осы шешім Шал ақын ауданы әділет басқармасының мемлекеттік тіркеуінен кейін өз күшіне енеді.
Келісілді
Аудан әкімінің жедел сұрақтар
бойынша орынбасары
М.Мұхамедьяров
22 қазан 2005 жыл
Шал ақын ауданының қала құрылысы
құрылыс, тұрмыстық-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары бөлімінің
бастығы
А.Гриднев
22 қазан 2005 жыл
Аудандық ішкі істер бөлімі
бастығының міндетін атқарушы
А.Кутушев
22 қазан 2005 жыл
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бастығы
Г.Шарипова
22 қазан 2005 жыл