О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата № 213 от 25 декабря 2006 года «О районном бюджете на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 213 «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-ІІ Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 111, 112, 116 бабтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасныдағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы № 8 қаулысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 213 аудандық мәслихаттың шешіміне (2006 жылгы 28 желтоқсандағы т/н 13-6-35, 2007 жылғы 19 қаңтардағы № 4(8298) аудандық «Ишим» газеті) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармакта:
1 тармақшада
«1141350» сандары «1161350» сандарымен ауыстырылсын
«1001892» сандары «1021892» сандарымен ауыстырылсын
2 тармакщада
«1141445» сандары «1168340» сандарымен ауыстырылсын
3 тармакшада
« -95» сандары « -6990» сандарымен ауыстырылсын
1 тармақ келесі мазмұндағы 5 тармақшамен толықтырылсын: «Бюджеттік қаражаттар қалдықтарының жылжуы - 6895 мың теңге»
5 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Аудандық бюджеттің кipicтepi мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсімдер есебінен құрылатыны белгіленсін:
Мүліктік кешен түріндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарды және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жургізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер»
9 тармақ келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«2007 жылға арналған аудандық бюджеттің шығыстарында «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» 452 014 бағдарламасы бойынша 20000 мың. теңге ескерілсін»
9.1 тармақпен толықтырылсын:
«9 қосымшаға сәйкес жыл басына калыптаскан аудандық бюджет шығыстарының бос қалдықтары есебінен аудандық бюджеттің шығыстарына бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінсін»
Келeci мазмұндағы 9.2 тармағымен толықтырылсын:
«452 006 «Мақсатты трансферттердің кайтарылуы» бағдарламасы бойынша 5479 мың теңге сомасында аудандық бюджет шығыстарында 2006 қаржылық жылы пайдаланбаған мақсатты трансферттердің қайтарылуы көзделсін» жаңа редакцияда 17 тармақ мазмұндалсын:
«4 қосымшаға сәйкес 2007 жылға арналған жергілікті бюджетте жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке төлеу үшін аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу үшін шығыстар - 4148 мың теңге сомасында көзделгенін, республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеу - 11621 мың теңге сомасында көзделінгені ескерілсін».
Нұсқалған шешімге 1,2,6,8 қосымшалар жаңа редакцияда мазмұндалсын (қоса беріледі).
Тармақ 2
2. Нақты шешім ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Келісілді:
24.01.2007
Экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімінің бастығы
Г. Стороженко
Басқа 3. 2007 жылға арналған Есіл аудандық бюджет
2007 жылғы 24 қаңтардағы
Аудандық мәслихаттың № 226
шешіміне 1 қосымша
2007 жылға арналған Есіл аудандық бюджет
Басқа 4. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі
2007 жылғы 24 қаңтардағы
Аудандық мәслихаттың № 226
шешіміне 2 қосымша
2007 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі
Басқа 5. 2007 жылға арналған ауылдық (селолық округтар) бойынша бюджетік бағдарламалардың тізімі
2007 жылғы 24 қаңтардағы
Аудандық мәслихаттың № 226
шешіміне 6 қосымша
2007 жылға арналған ауылдық (селолық округтар) бойынша бюджетік бағдарламалардың тізімі
Басқа 6. Есіл ауданы бойынша 2007 жылға арналған облыстық бюджетен ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу
2007 жылғы 24 қаңтардағы
Аудандық мәслихаттың № 226
шешіміне 8 қосымша
Есіл ауданы бойынша 2007 жылға арналған облыстық бюджетен ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу
Басқа 7. 2007 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдыктарының бағытталуы
2007 жылғы 24 қаңтардағы
Аудандық мәслихаттың № 226
шешіміне 9 қосымша
2007 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдыктарының бағытталуы