О реализации решения Сарыкольского районного маслихата № 219 от 21 декабря 2006 года «О районном бюджете Сарыкольского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Сарыкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Сарыкөл аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 219 шешімін жүзеге асыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 64-1-бабының 3) тармақшасына және «Сарыкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» аудандық мәслихаты сессиясының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 219 шешімін жүзеге асыру мақсатында Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мұқтаж ететін азаматтардың категорияларына аудандық бюджет есебінен ақшалай түрінде көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері белгіленсін:
Тармақша 1
1) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органында есепте тұрған азаматтарды жерлеуге, сондай-ақ басқа да жағдайларда:
Тармақша 1-1
1-1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органында есепте тұрмаған азаматтарды жерлеуге он еселі ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) жедел әлеуметтік көмек қажет ететін отбасыларына бір жолғы әлеуметтік көмек, сонымен қатар мұқтаж ететін азаматтардың категорияларына Қарттар күнін, Мүгедектер күнін, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін, Балаларды қорғау күнін және басқа мереке немесе мерейтой күндерін мерекелеуіне байланысты бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілгендерге әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде оқу жылы кезеңіне, ай сайын қосымша әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылары болып табылатын күн көрісі төмен азаматтарға азықты кәрзеңкенің мөлшері өсуіне байланысты 0,5 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек, ай сайын;
Тармақша 6
6) ауданның құрметті азаматтарына әлеуметтік көмек.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек көрсету және төлеу жөніндегі уәкілетті органы болып «Сарыкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Сарыкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Сарыкөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша). мұқтаж ететін азаматтардың категорияларына әлеуметтік көмекті уақытында тағайындалуы мен төленуін қамтамасыз етсін
Тармақ 4
4. «Азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 426, «Азаматтардың жекелеген категорияларына атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 285 қаулыларының күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.М. Вандышевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.