О внесении дополнения в решение Катон-Карагайского районного маслихата № 22/157-V от 17 апреля 2014 года «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Катон-Карагайского района» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Катонқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/157-V шешіміне толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 215 қаулысына сәйкес, Катонқарағай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының «Катонқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/157-V (нормативтік құқықтық актілердің 2014 жылғы 20 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3328 нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырдағы № 39 (7728) «Арай» газетінде жарияланған) шешіміне толықтыру енгізілсін: аталған шешіммен бекітілген Катонқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында: 1 -бөлімнің 1- тармағы келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: «11) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.